Словесность

[ Оглавление ]








КНИГИ В ИНТЕРНЕТЕ


     
П
О
И
С
К

Словесность


Ербол Жумагулов

Книга отзывов. Архив 2



Архивы:  15.05.09 (2)   15.05.09 (1)  



15.05.09 08:33:10 msk
Азамат Таскараулы (Azamat_2090@.mailru)

Толғақ

Тамшы жұтып тұтанғанда таң аппақ:
Күрең көздер самсап шығып парақтан,
Шимайлана жадыланған көмеш бет,
Шер ішеді өгейсіңген өңешпен.
Шырпы жағып саусақтар жүр әр үйде,
Кіндіктері күміс шашып сәбилер,
Іңгәлайды эрмитаждың маңынан,
Жан ұшынан саумал ішіп лағыл ән.
Соның бәрі тұтасып кеп Өзекте,
Кірпіктерің Ай көтерген мезетте --
Айқайлайды Алтай жақтан «Күнім!» деп.
Қара қала ішінде
Қаралы әуен жүрегімді тілімдеп,
Жыр жазамын өрмекшінің торындай...
Сенің бейнең -- қарауытып қорымдай шақырады,
Шыли мұңын жерлеп кеп,
Қаперімді қызыл деммен өрнектеп
Маргаринді мазаңым...
Қайран Көзім --
Қара сағым құсады...
Қабағымнан сырғып түсіп құсалы --
-ғы:
а) Бұлттары азан шақырған Аспанның;
ә) Асфальтқа жыр жазған жаңбырдың;
б) Тастарда өртенген Көздердің;
в) Жүректің жұлдызды әжімінің;
Соның бәрі тұтасады Өзекте,
Кірпіктерің Ай көтерген мезетте...
Ал, Мен Сенің көздерің боп келемін,
Шаштарың боп шашыраймын, қорегім.
Азу тістен ақсияды сұрақтар:
«Неге?», «Қалай?», «Қайтіп?», «Сосын...», «Себебі?!.»...
Түсіндіру қиын, сірә, тым қиын,
Менің миым емес еді -- Күлкі Үйі!
... Тамшы жұтып отырамын.
Өлмегем!
Жас тамады (Терезелер көрмеген)...
Ақшамдағы Ай үнінен әккілеу,
Сідік төгіп,
Сөз туамын «СЕН» деген.

18. 02. 2009


@ ru

Ойлы сандырақтың бөлмесінде,
(Аспан шатырмен шектеледі)
Жүректің нәп--нәзік шөңгесімен
Шылымды сөндіріп...
Кектенеді
Болмыс,
қай бір
пенденің келетін тісінен.
Кеңістікті күп-күрең сорғыштаймын,
Көзімнің ұшымен.
Қаңтардың қабағынан жауады
Сағыныш, сананың отын ұрлып.
Мен ж...
«Сен де жек көресін бе қаланы?»...
Жетпіс бес... Жеті жүз... Жеті мың ба?..
Күдіктің құзғындары арамызда.
Мен кеше Болашақты бақыладым:
Бейнеңді ойып алып қара мұздан,
Шоқынып отырамын.
Зердемнің сенгені -- Мазаң,
ҚАҺАРДЫҢ қара таңында.
Көз жасыңның өлгені қа--ша--ан
Қабылдық алақанымда?!.
Ақырын сыбырлаймын...
Қан... Сөл кешу
Қаңтарда -- тым ыстық.
Бөлмеде: жиырма үш нөл нөл, сосын --
Тыныштық...
Алыстан АЙҚАЙЛАП шақырам...
(Иә, бүгін іштім мен!)
Содан соң -- Сені ойлап отырам,
Сартирдің үстінде.

18.02.2009.

Сым ішінде...

Телефоныңды көтерші...
Геометриялық кескіндегі көлеңке
жылжып кетсін көшемен,
Танымымда Көшпелі жасыл Көздер тұтанып.
Зират жақта түнеген бұлт...
Кесемен
Жасыл Өлең жұтып алып,
Жатамын:
Терезеге өрнек салып тілменен,
Арғы жағы –
маздап жанған кірпіктер.
/Сағынышта сиқыр барын білмеп ем,
Сабылыста саз ішкесін іркіттен.../
Телефоныңды көтерші...
Шаштарымнан жұлдыз төгіп сұрақтар:
«Қай жақтасың?», «Қалай?», «Қашан?», «Кімменен?..»...
Дауысыңды, Ай көтерген құлақта,
Естімеуге көне алмаймын мүлде мен.
Сауыққұмар түн ойнайды жұлдызбен,
ӘтірАспан иісіндей гүлдеген...
Қарадүрсін,
қапелімде мұңды үзген.
Мен Сені, ал, Сен отырсың кімді іздеп?!
Телефоныңды көтерші...
Омырауыңнан Өлең аңқып...
Музалы
жапыраққа
шырақ жақсын Күн-дене.
Телефонсыз тілдесеміз БІЗ әлі,
Үндемей...
Тек,
Телефоныңды көтерші...
22.02.2009.


Мешіт

Табиғат жадында сақталған:
Қап-қара киімім,
Қап-қара Аспанмен көшеді –
Түбіне Көз тұнып кешегі.
Ішімде - қан жылап, Жан күліп,
Ай шақырып азан...
Үр
Түсімде - Ойымның күлгіні тазарып.
Кірпіктің көкшілтім сорасын
Ұқсатып көктегі Түрменен.
Тілімнің тәп-тәтті дұғасы
Мишықпен үрген «МЕН»
екенін сезініп таң алды...
Таң алды тақуа боп алдым!
Қапердің ішінде қалғып ем,
Қаламнан сор аршу –
«Ассалаумалекум!» алдымен,
«Алдынан жарылқа!»... содан-соң...
Жүректі сипаған қолдарға
Тәубәдан садақа тастаймын.
Сесімнің намазы сомдаған
СОҢЫМНАН қашпаймын?!
Пейілдің ұшында жарқ еткен
Имани пітірдің...
«Құдай!» деп құсығым қарқ еткен,
Түкірдім...
23.02.2009.

МазаРауанЫстық

Мазар Рауаны Ыстық --
Төсіне қадаған Айменен!..

Біздің үй қорымның қасында:
                  Тірілер білмеген...
Табыттан от жағып жылынам күнде мен. +
Фосфорлы сағымда маздайды --
Аймүйіз ТҮС құлап, +
гүлдеп ӨҢ.

Біздің үй қорымның қасында:
Көппенен көшпегем...
Осылай –
Тартады Сес төмен. +
Ішінде жүреді мені іздеп --
Сәбилер /кіндігін кеспеген/...

Келіндер қонаққа, достарым:
Марқұмдар!..
Сыбағам +
Сезімнен салқын дәм. +
Ит көтін көрейік бәріміз
Абайдың артынан.

Келіндер, достарым! +
Бал Айын --
Көлеңке ұшынан табайық. +
... Сендерден айырмам қайсы...
Енді --
Үйіме Ай қадап қояйын.

Құлпытас – Абыз болғаным ба?!.

24.02.2009.

Се Ля Ви

... пример ужасающего вольнодумства
Джеймс Джойс Улисс
«Телемак»
Шошынған шыдамда қаңғырып,
Мен тағы адаса бастадым.
Төбемнен қарайды мәңгіріп
Қаланың қайыршы аспаны.

Еркіндеу ойымның ащтысы
Күлкімді жерлейді түтінге.
Кешегі жобамның бастысын
Жыртылған беттермен бүтіндеп
Бағымды отырмын бағамдап:

Негізге салғанда Жатырлық –
Ақиқат ішінде – адам да,
Шындықтың ішінде – ақынмын!

Миымнан қорқамын... алжасқан...
Үр үміт ішіп ап Үркерден:
Қалтамның мүсінін шаң басқан
Тіліммен жалаймын «сүртем» деп.

Қашан да қайшылық соры едім,
Емшегін иіткен көр аптап.
Әлемнің әлпетін көремін
Бродскийдің көзіне қонақтап...

Қаланың қайыршы Аспаны
Төбемнен қарайды мәңгіріп.
Мен бүгін адаса бастадым
Шошынған шыдамда қаңғырып.

Көргесін Сесімді шекелі
Тұсынан тарихи көрменің.
Аллаға өкпелеп не теңім?!.
ӨМІРДІҢ ОСЫЛАЙ ӨРНЕГІ!!!

25.02.2009.


Эксгумация

Ең қуатты дертімнің көкірегіндегі
анайы Ақшам еді.
Ай жұтып жаттым мен.
Түнгі Зираттың Зарына жетіп жоғалған
Әккі мен Пәктің
кірпіктерінен суалған
Иманыма
барып-қайттым таң алды.
Әрбір тісім ақсиғанда Обалдан
Мен дәл бұлай болатынын білмегем!
Мұрындармен гүлдеген
Ең Улы Өлеңнің көлеңкесін өсірдім.
Ұйқымның безі боп шошындым...
Тіліміздегі көкжасыл көздеріміздің топырақ емген қалыбы
Асфальтта бүр жарған көшенің жарығын
Шаштарыммен өртеген шақта...
Шыңғырып,
Біз екеуміз жұлдызда жаттық әуей боп,
Көрдегі тыныс күбір еткенде көмейден,
Балағаттадық Бақытты,
Қошқыл Айқайдың ұшымен жазған Өлеңді
Көтеріп алдым топырақтан...
Ай жұтып жаттым мен,
Құлағымдағы әуен – дірілі еді тіземнің!
Нәзіктігімнің мәйіті екен...
Нәзіктігімнің мәйіті екен!..
Бұзылғаны – періштемді өксітті!
Бұзылғаны – сайтанымды күлдіртті!
Бұзылғаны – тамырымды кескізді!..
Тек марқұмдардың
шіріктеріне тән көзсіздік
табанымнан қарағанда есінеп,
Мен барлығын АДА Әлемге көшірем!..
Қанымның темір түйіршіктерін ішіп ап,
«Бісмілләнің» түкпіріне жете алмай,
Көңілімнің «МОРГіне» қалдырып кеттім...
Бісіміллә!..
Анайы Ақшам тағы
Дертімнің көкірегіндей...
Ай жұтып жаттым Мен...
Бісіміллә!..

01.03.2009.


Postskriptum

Бұрын бәрі көкейге жазылатын –
Босағадан көрініп
Ақ орамал жамылған саз құлағы.
Келешектің күбірі естілетін,
Көр тұсынан от жағып ес – түнегім,
Һақтың көзін Аспаннан қарататын.
Қаперімде қап-қара қала жатып
Көшелерден ішетін лағыл Өлең...
Бұл –
Нәп-нәзік Сөз еді «жаным!» деген.

«Келші!» деуге батылым қайда менің?..
Жүрегіммен өлшеніп Ай көлемі
Айлар ізін көремін... ара-қашық...
Таңғы шықтан дәрет ап Сана Ласы,
Жанарына жұмбақтау мұң жасырып –
Сенсіз өткен бір жылдың – бір Ғасыры...

... шамдары да көкшілтім, шер тілеген,
Өшер еді өртесе сертің егер.
Сосын, Жаным,
Уақыт қасын қағып:
Терезеде қап қойған қарашығым
Қара түннен қып-қызыл жас ұрлады.
Сол қара түн Сені іздеп жүрген шығар,
Тәп-тәтті бір түсімдей жанып-өшкен...
Ал, мен бәрін о баста сағым дескем.
Бүгін – Жұма!
/Жұмыста қызық аздау/
Күрсіністің байқаймын қылын қозғап.
Бұл –
әдетке айналып кеткен ұдай –
Саусағынан ұстаған азғын Өлім,
Сені ойлаған бір күннің мазмұны еді...

06.03.2009.


Көкшіл Дауа

Жаным менің,
Айлы ауаның жұмбақтығын шештің бе?
Шешімі жоқ шексіздіктен шер шеруі естілген
Ақ ұлпа бұлт мауысымы лаулап шығар шық сынды.
Сұңғылалы кереметтің күбірінен тіксіндім –
Көмекейден қыл суырып түн суығы елесті,
Кәдімгі, әлгі жұмақтағы жұлдыз жұтқыш өңештің
Өртенулі көлеңкесіндей, кебін орап жылынған...
Көкшіл Дауа – көксұр ізді аңғару екен шылымнан!
Өгей Ойға бағынбайтын ажал барын ұққаннан,
Қылуеттен шам іздеген жасыл қарашықтан да
Азан салған жарық барын,
Түнек барын қазалы...
Көкшіл Дауа – көксұр саусақ іздері бар Мазарым.
Жаным, менің қолжазбамда әріптер бар шайқалған,
Дәретіме шомылғанда құмырсқалық айқайлар:
Көз етінен үзілетін күлгін тамшы арқылы
Құбылада қолын жайып есінейді Сорқұдық.
Сол Сорқұдық бүгін менің түсіме енді...
- Неліктен?!.
Оңай емес Һақ Тағала Өлеңіне еліктеу.
Ешқашан да ешбір ақын арзу болып ішпеген
Мен сол жерде тыныштықтың шығын жұттым...
тістене
жаттым сосын,
Қара Өлеңнің қара шашы тырнаған
Марқұмдардың арқасына ою салып мыңдаған...

... Ол кезде құрлықтағы тарих
                  аңқыған поэзияның топырағы
          күлгін тарта бастаған еді. Бродскийдің
«Сахарадағы аялдамасына» жан
       тоқтамағалы қашан. Тіпті, Борхестің
             «Музыкалы сандығы» да саз қозғамаған еді.
   Мен бұл жерге қалай түстім, Ие!
   Менің үнім неге жаңғырып тұр?..

Тек ғаламға қайта оралар бір тесікті көрем мен,
Сор таматын селебенің сілекейі өлермен.
Сол тесікті тесем енді /жаңа жырдан күш ене.../
Кіндігімнен сәл төмендеу орналасқан мүшеммен.
Міне, тағы Өлең туды. Өлең туды ғарақтан,
Ыңылдаған сол Өлеінің кіндігін кес, ЖАРАТҚАН !!!
P.S. Классика ...
12.03.2009.


Сағыныш...

Алматы...
Темір жол вокзалы...

Мен – Жанның сағымы едім...
Көшпелі алтын сияқты лағыл өлім –
Тағы менің көзімнен жас іздеді:
Тайлақ табан тірліктің танымы еріп!

Тағы Сені таппадым...
Таба алмадым!
/Сезем іште ізетті Қаған барын/
Кірпігімнен қорымның Айы үзіліп,
Қабырғама қамалған үн.

Сол үн Сенің күлкің де еді?..
Тамырыма түсімнің ілкімі еніп:
Есіміңді айқайлап айта берді,
                                айта берді,
                                Арайлым,
                                күлгін ерін...

Жылайды-ау, қаншығым – заржағым,
Ар жағы...
Белгісіз ар жағы...
Әйтеуір, сұп-суық сағыныш,
Әйтеуір...
Темір жол вокзалы...

Қайдасың?..
Қайдасың?..
Қайдасың?..
Аспанда әзір тұр айлы асым!
... Үміт-пәс мендегі, сезім-нұр,
Күдік-мол, мұң-ащы, ой-ғашық.

Өскемен алда-тын...
Тәнімді құшады қарға-түн.
Көздерім Сені іздеп жүр әлі...
Мен сені жек көрем...
АЛ – МА – ТЫ – Ы – Ы!!!

18.03.2009.
Алматы-1 темір жол вокзалы.

КҮРЕҢОНСЕГІЗ

Сен Күреңонсегізіңде –
Қораптап шегесін шылымды,
Өкініш сахнасын мекендеп... тек үнсіз.
Аспаннан естисің қас-қағым жырыңды,
Қас-қағым әділет?
Сенімсіз...

Сен Күреңонсегізіңде –
Маңдайды сүейсің қаламға
Хат жазып бағасы тым арзан жәләпқа.
Үрейді байқайсын қорқаумен таланған
балақтан!

Күніне мың өтіп мазардың маңынан,
Іздейсің жылауық үніңді /тамшыдан гүлдеген/.
Ішіңнен Тәңір боп жылайсын тағы да,
Білгесін бір сырды...
Үндеме!..

Төртбұрышты ауаны жұтасын түнімен,
Жаңбырлы күндегі өксігіш терезе - өкпемен...
Кірпіктен үзілген Ғасырдың іріні ең,
Шындыққа беттеген.

Сен Күреңонсегізіңде...
Оралмас көктемге кінә артып жанарың,
Оны іздеп жүресің кеңістік – түсіңнен.
Мың Айды шырақ қып кезесін қаланы:
Бәрібір сенесін сезімге...
Бәрібір сүйесің ішіңнен...

23.03.2009.

Элегия сияқты

Ғажап:
Кәусәр кінәрат білініп тұр –
Шаштарыңның ұшында таң сынады...
Кірпігіңе ілініпті
Менің нәзік күзімнің тамшылары.

Ғажап:
Сеземін –
Саңырауқұлақты тылсым кеш...
Діріл...
Діріл...
Дірілден күрсінді Ес.
Шыңғырғаны-ай шымқай көк,
шіркін, Елес!
Күлгін ерін сыбдыры мүмкін емес...
мүмкін емес...
Қып-қызыл дем іші тағы да –
Ай жарық.
Жүректің тұсына тағылар
Ой-қару.
Содан-соң әкетер түн Сізді,
Содан-соң орнығар үнсіздік...
...................................................
Ғажап...

Ғажап:
... Беу, Демос,
Апполон тіріде –
Нұр шашар тағдырым!..
Кеудемде жауады түнімен,
Оралмас көктемнің жаңбыры.

25.03.2009.


Көктем күмбезі

Табанымның астындағы құмырсқалық шырылдан,
Шексіздікке шашырады шұғылалы ғұмырлар.
Дауыстары сондай нәзік...
/Зәредегі көзінен
Жас ағызып жіберерін Жаратқан да сезінер!../
Ауадағы ақ байрақты сағымдарға ілесіп,
Пейілімнің Пайғамбары сабыла іздеп жүр Есін.
Кенет күллі жұлдыздардың жұмбағына шам іліп,
Күміс кіндік тұсындағы көкшіл күмбез күбірін
Қайың тәні – қауырсынмен көшіреді аспанға:
Ұлы Мерген мешітінің һақ қағбасын ашқандай...
Ал, мен әлгі күмбез жаққа елірем де үңілем
Өлең болып –
Терезесі жылап шыққан түнімен.
Ішіндегі мың бір Айдан дұға жұтқан бақсының
Кірпігінен үзілемін тамшы болып ақ сұры.
Сосын жатам түнқоғажай құбыладан жыр оқып,
Көздерімнен күле ұшқанда күлгінденген күн оты.
Сол ұшқынның тілін табар адам бар ма?!.
Сөз ұғар...
Мен сыймайтын қара жерге Табыт едім көзі бар.
Әлсі-әлсін ыңылдайтын музыкалы жүрегім
Өліп...
Тіріліп...
Өксіп...
Жылап...
Құмарланып күледі...
Тәтті деген үрейден де сол күлкінің ащтысы-ай,
Көмекейден көшпелі алтын сияқтанған өш-құса
Лыпып шығар –
Лағыл сәттің лала гүлді түсіндей.
Тек өлгендер шеру тартып бара жатыр ішімде...
Шаштарымның ұшындағы төртбұрышты мүсіндер
Етектері есінеген мазарланған пішінде...
Көкшіл күмбез...
Ішінде мен әлі қанша жатамын?!.
Өзім жазған жырларымды өзім оқып, қорқамын...
Айналамда азан салып айдары бар Жан, Тәңір,
Мойыныма байланады өз күнәмнің арқаны.
Кенет, әлгі көкшіл күмбез өртенеді, о, Құдай!
Ұзын сары сойқан едім...
Тұншықтырған сорым-ай...
Бейіт болып жылай-жылай болмыстағы бақ семді,
Ұлы Мерген, маңдайдағы сорды көздеп атшы енді...
28. 03. 2009.


Көктемгі көрініс

Санаңнан соққан сағыныш ұшындағы
Қараңғылығым!
Обалымның ішіне еніп кеткен
О дүниенің табалдырығы...

Жұлдызсыз қонақ үйімнің
Бөлмесі – суық....
Көңілсіз...
Тереземнің сыртында кептерлер күні маздайды,
Келешегінен сенімсіз.
Құбыланың қып-қызыл кірпігінен
Өлең оқып, күрсінемін.
Тек үнсіз...

Кенет,
Өзек ішіндегі әуенді –
Дымқыл ауа өлтірді,
Ұқ!
Ал,
БІЗ –
Нәзік көз жасымызды алақанымызда кептірдік.

Сосын тағы Өлең оқу...
Күрсіну...
Сананы сынады көптен.
Құлыным менің,
Қарашығымнан садаға бұланып кеткен...
Жылауық көктем.

29. 03. 2009.

Құбыла
              Алғы(кейінгі)сөз

Қыз бен діннің төркіні – құбыла...
Асқар Сүлейменов
Нәзігім...
Жылама, нәзігім...
Жатырлық сипаттан, жалаңаш жарықтан қажыдым!
Саудакент емес бұл?..
Сахара сияқты сұр нүкте –
Жалайды
миымның жап-жарық қасірет – қазығын.

Санама құлайды сұр нүкте...
Сұр нүкте – СОРЛЫЛЫҚ!
Кім білген?!.
Жанымның Жанары – жұлдызға сәжделік күмбірмен
өксиді ішінен:
Мен жалғыз /қоңсы, шын/ халықты
Сезім боп жылатып,
Өлең боп күлдіргем.

Жазулар, жазулар...
Ашалы індерде ақ дауыс кемірген азулар...
Күні-ертең –
/Тек басқа әлемде/
Ойымның қолымен Өлеңнің қабірі қазылар.

Нәзігім...
Жылама, нәзігім...
Нәзігім, тек саған құлшылық!
Қолымнан келері – қу шұнақ Құдайға қырсығу.
Базарда жайылған боз таңның түсіндей төсегім
Көрпесі сұп-суық.

Нәзігім...
Сен маған «сенем» де;
Көзайым келешек, кешікпен сенен мен.
Жалғанды шыңғыртам мен әлі безіммен
Кіндіктен төмендеу.

Нәзігім...
Жылама, нәзігім...
Жатырлық сипаттан, жалаңаш жарықтан қажыдым!
... Қап-қара қағбаға қадаймын дем ұшы –
Жап-жарық миымның қасірет – қазығын...
31. 03. 2009.


Провинция

Мен бүгін –
Тоғыз Ай бұзылған мүрде боп езілем,
Кешегі Көр мен Төр –
Жерік боп кеткесін сөзіме!..
Жап-жасыл көздердің тұтанған елесін көремін,
Жап-жасыл Обалдың көзінен.

Көрем де...
Көтерем басымды қорғасын,
Бұл Кіндік ежелден ескіге бергісіз
еншілес  сары алтын сорға асық.
Көкшіл газ қалпында өксиді ішімнен тым ащы
Қылует түнім
мен
Меруерт мұңымның сұлбасы.

Содан соң...
Содан соң кеудемді /күйіктен құраған/
Қауырсын қалам мен Уақыттың ұшында сынағам.
Мен өзі әу баста, себебі, -
Арай боп нұрланып,
Сезім боп күрсініп,
Өлең боп жылағам!

Дүр қоғам, ойыңды Рухымның қанымен, сүтімен илегем!
Қалайша бұл мекен дертінің шоғынан күймеген?..
Көк тамыр ішінен жап-жаыл көздерді аңдаған
Өліарам,
Мен сенің ҮРЕЙІҢ боламын, -
Көшеде билеген...

02. 04. 2009.

         Дейін ... Кейін ...
немесе
                бейтаныс қызды жұбату

Бірде жұмыстан автобуспен қайтып бара жатсам, «Арзан» аялдамасынан көлікке отырған бейтаныс қыз қасыма кеп жайғасты. Жанарында әлденеге налыған бір тылсым байқалады. Тылсым емес, Ышқыныс. Сол Ышқыныс менің өзегіме Көз түсіргенде, нәзік жаратылысты жұбатқым келді. Ой елегінен осыған «Дейінгі» өмірім қылаң танытқаны-ай... Кенет, әлгі қызға қарап едім, - сол түнерген қалып. Ал, мен «Кейінгі» өміріме сәуегейлік жасап кеткенім қашан... Неге екенін айта алман! Егізімдей...

Деміңнің ұшында мөлдіреп жұмбақтау әлемің:
Ышқыныс...
Оу, Ұлы Ышқыныс көлемі, -
Мен Сенің нәп-нәзік нәтіңе үңілем,
Жоғарғы Аспандай дерегім.
Жоғарғы Аспандай жарығым,
От жаққан шашыңның күлінен
Несіне күлкісіз налыдың?!.
Әлмисақ төрінде кірпіктің көрері жазылған,
Сағира дұғадай – қалыбы...
Сол Дұға –
Айдың да өзектік НЕГІЗІ,
«Өртенген қолжазбаң» - өткеннің елесін емізу.
Автобус ауасы - саусақты тылсымның мекені,
Көңілсіз егізім.
Сырғиды тамшылар...
Қарлыңқы радио үніндей...
МикроМҰҢ МакроЖАН түрінде.
Налыма, Дұғалым!
Зәреме түсіріп өткенді,
Бәрі де кетеді,
Бәрі де өтеді...
Білінбей...

Саған тән ішіме Көз құлап:

«Дейінгім» дерт еді...
Мен оны қорымның түсіндей шертемін.
Қабақтан құлады қанша рет
Қарғалы,
Хабарлы еркелік.
Тұтасқан Тағылым миыма қонбастан,
Түсіме түн еніп төсіне сор басқан.
Үмітім толғатқан тап-таза үрметтен –
Ай дұға оқиды дірдектеп.
Сол Дұға менің де сағирам еді ғой,
Сол Дұға менің де көз жасым еді ғой,
Нәп-нәзік, бірақ пәк...
Көлеңке көшетін көбелі жұмақтан,
Сәкіде жататын бала едім, -
Сорасы бұлақтан.
Қара түн Аспанға тартатын көзімді,
Қара түн ұрлайтын жалаңаш сезімді:
«Босаға сүйетін» сол кезгі ерінім,
Сүйгендей енді кеп өзіңді.
Иә, рас!
Дәл солай еді ғой ақындық бастамам,
Еш Құдай сесімен баспаған.
Мынандай хат жазып жататын кешкілік (Аллаға!)
Жүрегім Үрейден қашпаған, -
«Ойларым лала гүл лағылдан,
Тауларым тылсымға шағылған,
Өлеңім Ындынға табынған,
Сырларым сахаба сөзіндей –
Тек Сізге жатыр ма сезілмей?!.
Ішімде – барлығы бір біткен,
Ай Дұға оқиды дірдектеп...
Ай Дұға оқиды дірдектеп...
...............................................
...............................................
Жалықтым!..
Әйтеуір, құрметпен –
АЗАМАТ ТАСҚАРАҰЛЫ!»...

P. S. «Дейінгім» дерт еді...

Саған тән ішіме Көз құлап:

«Кейінгім» - өрт елі...
Мен оны жұмақтың түсіндей шертемін.
Қабақтан көтерем қанша рет
Мазамның көркемін.
Кеңістік ұшымен жалғанған
Мен білер Ақиқат...
Мен одан қорғанбан!
Кептерлер ұшады нұр болып,
Тұтасқан Талғамнан.
Қағазды кемірген миыммен,
Күміс су кебінмен киілген,
Немесе
Сағыммен сол, әлгі,
Ауадан жұтамын елесті
Ішінде емеген Обалдың.
... Мен енді Жан болып қалдым да (ЖЫРЫММЕН!)
Тән болып жоғалдым!..

P. S. «Кейінгім» - өрт елі...


Маған тән ішіңе Көз құлар:

Деміңнің ұшында мөлдіреп жұмбақтау НЕГІЗІҢ,
Сен енді налыма, егізім!..
Шаттығыңнан тылсым жұтып,
Ой тұтанған түбірден...
Кірпігіңе
Ай иісі жұқпасын,
Мөлдірлікпен бүгілген.
Әзірге, ҚОШ!..
Кездесеміз біз әлі –
АҚЫРЗАМАН ТҮБІНДЕ...

03. 04. 2009.

Ақыл

Жұлдыздардың арасында түн өртеніп кеткенде:
Ең жоғарғы Аспандағы мама сағым көктеммен
Қып-қызыл Ышқыныс боп тұтастық та...
Күйіндік...
Беймәлімдеу Ағыс болып шексіздікке құйылдық.
Тәнімізден ту көтерген Төртінші Әлем тұманы, -
... Мола болып мақұлданып,
Обал болып жыладық!
Сосын,
Сауын айтып Сахабаның Санасына тап-таза,
Көкшіл сағым, қышқыл айқай, қара өмір, ақ қаза
Түріндегі Тілімізді серттеп бердік Тәңірге,
Ішімізде Мақшар Соты «өкім» деген әмірмен.
Таңғы шықтың тынысынан қан тамырын суырып
Қара жердің шеңбердегі айналмалы гуілі...
Кенет,
Әлгі мама сағым көктемдегі Ағыспен,
Тамшы болып үзілгем де,
Тағдыр болып келіскем...
Жапырақтағы жаназалы ДІРІЛ едім мөп-мөлдір,
Өзегінен Өлең көрдім шұғылалы өткеннің.
Мен мың ғасыр бұрын көріп, бұрын сезіп үлгерген
Мына тірлік, енді-енді жаһаннамдық түрге енген.

«ТРАНС»ТАНЫМ:

Елестер...
Көкнәр сүтін еміп тұрып көгереді көмеш бет.
Мына жердің ақындары «әдемі өлең» жазғыштар,
«Ақыл - Өлең» емес тек...
..................
............... Үзіліс ...............
............................
Қабырғамнан шыр-пыр ұшып кептерленген құс-Таным,
Өрмекшінің күміс торы сияқтанған ұстаным
Ашалы іннен ізгіліктің суырады ілкімін,
Бұл –
Жұлдыздар арасында өртенетін Түн Тілі!
Сол Тіл біздің серттеп берген Тілімізбен айқасып,
Ең соңғы рет аят оқып жатқан кезде Ай көші –
Жарық қалам ұшыменен жалай-жалай сөнеді,
Үш Әлемге бағынбайтын:
«Өлең – Ғайып Әлемін».
Ал, сонан соң –
Ішімізден күн көтерген «Ысылдақ»
Ыңылдайды әуен болып Ұлы Уақыт ұшында.
Әлде сезім, әлде жалған, әлде тылсым әуені –
Төбемдегі тұтастықты санап берді мәуелі.
Ми Азабы!
Әр кәлләнің ақыретін болжаған,
Табылады бір күндері Аспандағы Арнадан.
Табылады...
Табылады!..
Ақиқатты білем Мен?!.
О, храмды күрсіністер,
Ей, раббылы реңдер!..
Іңірдегі көшкен шайтан ізіменен сызылта,
Көз жасымның орынына ағызымын қызыл Қан.
Сол Қан - Өлең түрінде... Рас!
Терезелік пішінде...
Мекіренсін «Мен» сияқты төртбұрышты мүсіндер.
Бұл Әлемге кім боп келдім?
Нені іздеумен қаңғырдым?,
Жырын жұтып оңашада жирен сақал жаңбырдың.
Уақыт – ауызбенен ғана бір Әлемді қақырып,
Менсіз қара әуен бастап жалғыз қалам ақыры.
Өлеңіммен бетпе-бет жалғыз қалам ақыры!!!

P. S.

ЕҢ ЖОҒАРҒЫ Аспандағы Ағыс көші көрері –
Үш Әлемге бағынбайтын:
Өлең – Ақыл Әлемін
Өртенулі қолжазбадай қорым иісті Түн сүзіп,
Темекімнің түтінімен аластайды бір сезім...
???????????????????????????????????????
!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
АЛАС, АЛАС...
04. 04. 2009.

Ғаршағала

Һақ Дұға мен пәддұғаның айқасы –
Ақыл сүтін Ең Жоғарғы Аспанда
Ғайыппенен көмкерді!
Ғайып іші – кісінеген жылқы үн,
Жарық ішкен Жарықтық...
Қандай Жарықтық?
Меірімі елес жұтқан ауадан?
Ми Ажалын қабылдаған пәк адам?
Әлде, Ой ма оңашада байқайтын,
Омыраулы ләззат барын Хауада?!
Кенет, сол бір майталманым сөз еткен
Жетінші Аспан –
Қақ жарылған мезетте:
Арғы жақты көре алады екен ғой,
Тәңіріге ақылы жақын өзектер.
Дәл сол кезде қара жерде Қан күліп,
Есінейді еркекшора Мәңгілік.
Көз ұшында қазылады көр аптап,
Құжтәуке күн құлатқанда қабақтар.
Алғаш рет ақ сезімнен жерінген,
Күбірлейді күлгін тартқан еріндер.
Нәзік тамшы тынысын да үркіткен,
Қурап кеткен, сынып кеткен кірпіктер.
Миындағы майлы шерге шала мас,
Жұлынады жұмыр бастан қара шаш.
... Азу тістің айқайынан шошындым...
Тек қара жер құбылды да...
Есірді!..
Ал, Аспанда Ғайып маздап көгілдір,
Мен сол жаққа қол созамын... Өмір бұл.
Арғы жақты сезе алғанда Ой ғана,
Ақылымның азбаны боп айналам.
Тамырымның иісі шығып тастан да,
Өлең болып оқылады хош маңдай.
Ақыл болып арғы Әлемге өтем мен,
Обал болып сыймағасын Аспанға.

05. 04. 2009.

Түнгі ұғым

Күлгін қала...
Күлгін көше...
Күлгін үн...
Аш өзекте –
Ай көтерді түнгі ұғым.
Ескі бақта жел жылайды түнімен,
Намазшамда күміс шашып кіндігі.

Күлгін кафе...
Күлгін көздер...
Күлгін Ес...
Күлгін көше шамы астында –
Түнгі егес.
Үлкен сәби жылап отыр...
Естілмей
Естеліктер елесінен үндер еш.

Ол кеше ғой:
Аппақ қардан дұға ішіп,
Бір ғайыптың пәк тілімен ұғысып...
Көлеңкеміз жаутаңдатып көздерін
Білте шамнан сығырайған түн іші.

Кімге керек ірігені ішімнің?..
Бұл Маусымның оралмасын түсіндім.
Күртік қардың күбіріне сүйеніп,
Ақ ұлпаға жеті әріп түсірдім.

Ол кеше ғой:
Қазір көктем...
Ал, денем –
Жан ішінен жұтатындай арлы Өлең.
Кірпігімнен сырғып түсті ақ моншақ,
Еріп кеткен есіміңдей қарменен.

Күлгін қала...
Күлгін көше...
Күлгін ән...
Мен ұғынсам сол әнді емес,
Түнді ұғам...

07. 04. 2009.

Алжасу

Сана – Лаулақ!
Қойшы, тәйір...
Ол да өшкен...
Ойлай берсең шатасарсын сен де Естен.
Дәл осылай болатынын білгенде,
Дүниеге келмес пе ем?!.

Күлгін қала Күн көтеріп кешеден,
Күдікті адам келе жатыр көшеде...
Ендігі іс –
Сорыңды ішіп кесемен,
Боқтау ғана... шешеден!

Дәл осылай болатынын білгенде:

Ғайыппенен ғапыл Өңді қосар ма ек?..
Жо, жоқ!
(Біздің қазақта олай жасау жоқ)
... Азан іші – сұрақ жұтып отырам,
«Күдікті адам жолығады қашан?» деп.

Екі көзі қызарғанда шоқтана
Қара түнде, – білте шамға оқталам.
Күдікті адам – күнәм шығар қап-қара,
Онда қалай ақталам?!.

Қап-қара түн...
Қап-қара Ай...
Қап-қара!..
Жазу жазып маңдай деген тақтаға
Меңірейіп отырамын бөлмемде,
Бәз біреуге боқтана...

Ай дұғасын аяқтайды таң алды,
Таң алдында қайта тәнге қамалдым.
Кеңістіктің күбіріне сүйеніп
Таң алдында...
Таң алдында жоғалдым.

Келді, міне...
Екі көзде – түс, аптап,
Тағы сөзбен кетер ме екен пышақтап?
Құдайым-ау, сиқы қандай «кәпірдің»,
Киімі қара, шашы аппақ...
09. 04. 2009.


Шек

Шылым шек...
Ымырттың төсінде
Тағдырың түссіз боп кеткенде.
Азалы азу тіс көшінде
Күбірің ұқсаса көктеммен.

Шылым шек...
Белгісіз Құдайдың
Таяғы арқаңда ойнаса.
Кешкілік кірпіктен құлайды
Ай – масаң.

Қорала – сұғыңмен, жарығым,
Тірерсің Ойыңның Обалын.
Жанардың қосымдық қалыбын
Жұмбақтап жатасың сен әлі.

Жаңбырдың жыры боп жатталған
Бұлттағы болмысым шөкімдей.
Қабақтың астында ақ таң бар...
Түсінем... Кешірем... Өкінбе!..

Миыңды тондырар күрең қар,
Шылым шек...
Түпсізге түкір де!
Түпсізде түнерген біреу бар,
Түнгі ісін бітірген пітірмен.

Қос табан ауаға тілінсе –
Зәуілін көрерміз пітірдің...
Сен маған қара да шылым шек,
Мен енді бәрінен құтылдым.

Шылым шек...
Шылым шек...
Шылым шек...
Өртенген өкпемен Ай ішіп;
Шылым шек...
Шылым шек...
Шылым шек...
Пайдалы қайғы үшін, ой үшін.

10. 04. 2009.


Жалығу

Бір өкініш, бүрсеңдеген бұрышта.
....................................................
Жан – дүниемнен шашырады дыбыстар.
....................................................
Жұлдыз жақтан түспей қойған күлкімнің
Көлеңкесін жапырақтар уыстап.
....................................................
Бір құсалық, қабырғамнан қылаулап.
....................................................
Қарабайыр хат жазады түн айға.
....................................................
Бір сағыныш кірпігімнен сүйгенде:
Бір өксік боп өртенеді бір аруақ.
....................................................
Ішсем, шіркін, жан құмарын қандырып, -
Іңірдегі SMS-тер жаңбырын.
....................................................
Үнсіз қалған телефонда СЕНІМ бар –
Бір жүрекке сиғызатын барлығын.
.....................................................
Көкіректен көз көтерген құлқын-ай.
.....................................................
Боз тұманның бауырында бұлқынам.
.....................................................
Мың түніме шырақ жақты ғайыптан
Ақ жалаулы ажал деген бір күнә.
.....................................................
Бір саусақтар құбылаға сілтеді.
.....................................................
Сыздатады сайтан деген тікенім.
.....................................................
Бір түкпірде бір ақындай жан болса, -
«e-mail.: AZAMAT_2090» күтемін!..

11. 04. 2009.

Үшінші фрагмент

Қарапайым күн...
Элегиялық ақпа сәт ӨзКемеңде;
Ал,
«A-ZA-MAT» деген солақайыңның сенімі өзгерер ме?!
Жоқ! –
Жанама жуап.
Кафелер мүлгіп /күбірі жанама сәл/...
Дымқыл көпірден дірдек көз қалаға қарап,
Шағала зар, ішінен ақ раушан гүлдеп, шұғыла мұздар, шіркінім!..
Қауырсынынан айырылған қап-қара түндер...
Күлкілі...
Қабағымның астында кеш түнеді...
Жанған тұмандар...
«Кел, кел!!!»-дер естіледі,
- Алматыдан ба?!.
«IN VINO VERITAS» -
Көшедегі үндер,
Зәреңді зар қып құяды кесеңе бірден.
Жүрек құлағы – еміс түрік,
Шашымды сәулелі қиықтар тарап...
03:40, -
Ұйықтап барам.
Ой соңы - ретсіз нүкте,
Және
Иісі күздің бар.
Тәніміз жылайды шексіздікте,
Ал,
Шындық біздің қа...

12. 04. 2009.

Адасқақ

Қайдан түстім?..
Қайда келдім?..
Қай жаққа?!.
Айналамда аңыраған айғақтар...
Ай көтерген сүлделердің намазын
Қаза қылып жіберердей қағазым.
Тек төбелер – төмпешіктен құралған,
Тек көнелер – сандырақпен сыналған.
Тек Төрт Әлем тоңазиды РУХЫМНЫҢ
Жап-жасыл бір жапырағында құмардан.
Пәк көмейлер – жылқылы елес ішетін,
Ескі Нама, -
Сол Біреудің түсі еді...
Оның түсі ғасырлармен өлшеніп,
Ғасырларға жалғасатын кемсеңі.
Тек «дін» деген жалауы бар әскері
Кірпігінде тұратұғын теңселіп.
Қайдан түстім?..
Қайда келдім?..
Қай мекен?!.
Парық – бөтен, зарық – бөтен, ой – бөтен.
Ғайып жақтан сырғып түскен сағым ба,
Айып тағып сығырайған Ай ма екен?..
Тек тамшылар – тағасынан түн мыжық,
Тек таң шұбар – мүсіндерін күлгізіп...
Қара баққа қаңғып кеткім келеді
Жұдырықтай жүрегімнен мұңды үзіп.
Еһ, Нұрлы Ағыс!..
Ғаршағала Ағысы,
Дәл сол жақта барша ғалам танысым.
Дәл сол жақта Хауалы ойды Жан ішіп,
Құлқыныңды қытықтамайсың нан үшін.
Ол мында ғой:
Бір киенің күшімен
Тербеледі мола біткен... түсінем...
Тек Өлеңім...
Оны да әлі ғаламның
Обал қылып сыздатамын тісінен.
... Менің мұңлы Төрт Әлемім тұтасса
Үшінші Әлем еніп кетер ішіне...

16. 04. 2009.


Ситуациялар

Эпизод 1.
План 1. 1.
Әуелгі жаратылыс. Аспанның жаттанды жазулары – ескірмейтін «НАМА». Мүмкін, саналы саясат... Бұл – ғасырлық ғазал, мәңгіліктің көзқарасын ұстанады немесе әр кәлләнің өз ақырзаманы бар. Солайы солай ғой;
Дегенмен, тозаңнан тұтасу мен топыраққа айналу мезеті уақытпен өлшенетінін біле тұрып, «әуелі Сөз...» дейміз. Әуелі Уақыт. Уақыттың әр қилы ағысынан Қауырсын Қаламның сүгіреті қашалған. Сосын Сөз...
Кейінгі екеуі менің Төртінші Әлемімді әлмисақта ғайыппен көмкерсе, жетіле бере Ғаршағаламен де ұштастырды.
Бұл ұштастыру Уақытқа да бағынбайды. (Абайдың Танымындағы нұрлы ақыл)
Төртінші Нұрлы Әлем...

... Әлқисса...

Бірінші ситуация

Құбылыс

Біз бәріміз – қосымның түйіршігі ек;
Жанымыздан жар салған қиын сурет.
Көз жасымызбен жуылған еркелік
Бақыттың күлімен иірші кеп...
Біз – Уақыт едік,
Мөп-мөлдір Ағысы
Мазардан төгіліп Мазаға құйылған...
Ретсіз кербез Сенімдерге сиынған;
Көлеңкелі күмбездердің кеңістікті есімін
Нео мен Неонның гекзаметрлері көшіріп, -
Құбыланың Тағы менен Теңіздің лас тылсымын
Түс –
Нүктенің қойыларын аңдататын
жұтып алды,
ысынып
Мовзалейлер мен эрмитаждардың көзқарасы ғасырлық
Әз Әзіл
Һәм
Әзәзілдің әлпетінде жазылды,
Ымырттың төсінде жүгірген
Сағаттың еңбектеріндей жасырын,
Қайыршылар тақтасындағы сызбаларға асығып,
Готикалық әріптер мен гравюралар жалаған –
Көз ілмеген Айна,
Басқа Айналарға бөтен көздерсіз қараған;
Платиналы сөредегі абыздардың бейнесін
Ұйқысыздықтың ауыр қоңырауындай Айлы Есім
жалап алып:
Таңдар, бесіндер, іңірлерге
Жаңғырық боп жалғасар, -
Мен – бұлардың көлеңкесімін,
әр мезеттер таратқан;
Мен – пәлсапалық кітаптардағы сөйлемдердің қойнауы ем;
Мен – жалғыздық түстерінің тұңғиығы ем,
Тағы да жоғалғым кеп жоғала алмаған!!!
Ал, ашалы інде – ескі наланың Обалы аунаған.
Солардың пәк күшіменен «соқырланған», соғылған, -
Соғылмаған Өлеңімді қайраудамын қорымда,
Көктен түскен жазулардан құтқарылу үшін де...
Мен - Өңімнің әр қилы мезеті едім ішімнен!..
Атластардың соңы бояуы,
Тазартқыш күн тұтылу,
Кешіккен таңның иллюзиялық жаңаруларынан құтылып
«Ақыл» болдым...
Бұл - өлмеуге сенімділік, расы.
Бағдарлар мен циферблаттар
Бөлінбейтін уақытты бөліп жатыр, қарашы!..
Жұлдыздардың жіп-жіңішке иісіндей күдіктер
«Метафизика» деп аталатын;
Тек Ақылға бағынбайды геометриялық сұр нүкте;

P. S.

Мен – солмын,
өлімнің алдында кеңістікті көрген,
Соған қарайтын мәңгіліктің көзімен...

18. 04. 2009.

Екінші ситуация

Қаракөлеңке
немесе
Зираттағы зар

... и бредил Бог
Б. Пастернак

Қаракөлеңке сілекейін шұбырады:

1. ақшамның тайлақ табанынан;
2. қорымнан Ай дақ табарында;
3. іңір ірінін ішкен кезде;
4. жұлдыздардың жайнақ жанарында;

+

Сол шұбырыс – көшпелі елес...
Үздігіп
Шексіздікке шашырайды мұзды үні.
Алақан мен көздері бар моладан
Алабөтен Обал шығып... жоғалар
Қас-қағымдық қауырсынынын ұшында;
Мәңгілік мезеттерінін ұшында;
Ал, ішінде жыр оқиды «бір мықты»,
Зар етеді иісінен кіндіктің.

-

Мен сол зарға қосыламын, кешкілік
Ай туғанда - өкініштің өскіні.
Бұл ғаламға келмеген де қалмаған
Өлең едім, әттен соным сор маған.
Ғаршағала түкпірінде жол бағам,
Жол бағуым – жаназалық жарнама!..
Ай туғанда – алапестеу ауыр үн,
Мен сол зарға қосыламын, бауырым...

=

Ми құсқанда мимырттықтың мақамын,
Жаннан теріс Жазу оқып жатамын:

; нанынабат қалйат ңынмашқа .1
; аднырабат қад йА нанмыроқ .2
; едзек некші нінірі ріңі .3
; адныранаж қанйаж ңыдзыдлұж .4

Қаракөлеңке сілекейін шұбырады...

19. 04. 2009.

Қайырлы түн

Қайырлы түн, жарығым!
Кірпігіңнің
Көлеңкесінен күрделі лағыл ішіп, -
Кезіп кете беремін қайта-қайта
Санамдағы буланған сағым ішін.
Қайырлы түн, жарығым!
Зерлі Таным
Зердең үсті қап-қара азан салып...
Қабағыңның астында түнеп қалар
жалғыздығым, -
жалаңаш мизам соңы.
Шаштарыңнан шоқ ішіп айлы сағым,
Сағат тілі жалайды ой құрсауын.
Қайырлы түн!
Қаланың төбесінен
Кісінесін күдіктің тайлы шағы.
Сандырағым еді ғой – сұқтанарым,
Әсем түннің төсінен шық тамады...
Жанарыңды жап-жарық жалын іреп
дамылдашы,
несіне налыдың кеп?!.
Сырғалы түн пернесін сезім басып
Сыбырлайын:
«Ұйықтай ғой, жарығым...» деп.
Қайырлы түн, жарығым!
Кірпігіңнің
Көлеңкесі –
Күрделі бата құшу...
Дұға сіңген дірдек көз жанарыңнан
Ғасырлардың айғызын жатам ішіп...
Қайырлы түн!..

19. 04. 2009.


Ай

Ай?..
Ғайыптағы елестер жерік, тегі...
Қап-қара жазулар
Қарашығымның ішіне еніп кетіп;
Ай толғанда –
Алапес сағым құсып,
Жетінші Аспан болып кісінедім...
(Өлімнен қорқатындығың үшінбе?..)
Мен Сені түсінемін.
Айға қарап жылаған Жаныңның
ішіндегі аянышыңмен,
Оңашалықтың ақсиған тістеріндегі
ой ағысыммен,
Қорымдағы қоп-қою Айды қадап алды көне сүлде...
Қауырсыны жарқыраған қаланың төбесінен
Тамады тамшылар...
Тамады үміттер...
Аят жұтып ғасырлық көзқарас күдіктен,
Көшелер шақырады мені қала жаққа,
Кіндігін кесіп күміс су ғаламаттар...
Алдынгүні кездескен үшінші адамды көремін:
(Аристотельдің негізіндей)
Ол – талқыдағы тән,
Ал,
Сен егізім бе ең?!.
«Айға ғашықпын...» дей беретінің не?..
Мен енді түсінбедім...
Машырығың мұңымнан милат еміп
Шаршадым,
Себебі –
Ай – Құдайлардың жерленген зираты еді.

19. 04. 2009.







Словесность